«Астана Опера» театрында Густав Малердің «Жандану» немесе екінші симфония деп аталатын шығармасының тұсаукесері өтті. Музыкалық қойылымға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев жетекшілік жасады.

 

АЛАН БӨРІБАЕВ, ДИРИЖЕР, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

- Малер шығармаларын сезініп, түсініп, жақсы көру үшін арнайы университет бітіру міндетті емес. Өзіңнің ойларың мен жан-дүниеңді тұтастай осы музыкаға бағыттап, айқара ашсаң жеткілікті. 

 

Майталман музыканттармен бірге опера сахнасының жарық жұлдыздары Майра Мұхамедқызы, Дина Хамзина, Жан Тапин мен театр хоры өнер көрсетті. 

 

ЕРЖАН ДӘУІТОВ, ХОРМЕЙСТЕР, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

- Малердің екінші симфониясын орындау – екінің-бірінің қолынан келе бермейді. Ең төменгі ырғақтан бірден жоғары көтерілу қажет. Біз үшін бұл өнерімізді бірден жаңа кәсіби белеске көтеретін маңызды концерт.

 

Малердің енді бір айрықша туындысы «Мың қатысушының симфониясы» деп аталатын 8-симфониясын ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі аясында жұртшылық назарына ұсынылатын болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер