Сахна саңлақтары сараланды. Халықаралық театр күніне орай еліміздің мәдениет қайраткерлері ерекше құрметке бөленді. Қазақстанда тұңғыш рет өнердің жілігін шағып, майын ішкен майталмандар «Сахнагер-2017» Ұлттық театр сыйлығымен марапатталды. Үздік актер, актриса, балет бишісі, опера әншісі және сахнаның басы-қасында жүрген режиссер, драматург, суретші сынды 15 аталымда өз ісінің хас шебері анықталды. 

 

МӘДИНА ОМАРОВА, ЖАЗУШЫ-ДРАМАТУРГ

- Әрине күтпеген жерден мұндай жетістікке жету үлкен қуаныш және осы драматургияға келгеніме де 4 жылдай болып қалды. Осы Әуезов театрына жұмысқа тұрып, штатта драматург болып қызмет етіп жатырмын. 

 

Ұттық театр өнерінің іргесін қалауда еңбегі сіңген  киелі сахна абыздары да назарсыз қалмады. Олардың қатарында Қазақстанның халық артистері Асанәлі Әшімов пен 80 жылдық шығармашылық ғұмырында 200-ден астам кейіпкерді сомдаған Айша Абдуллина бар. Тура бір ғасыр жасаған өнер иесі ізбасарларына ізгі тілектерін жолдап, тамылжыта әнде шырқап берді.

 

Ал «Үміт» аталымының жүлдесі өнер жолын сәтті бастаған 17 жас сахна сайыпқыранына бұйырды. Сондай-ақ, бірқатар театрға академиялық атақ берілді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер