Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі «Астана Операның» камералық залында алғаш рет орындалды. Бұл туындыны қазақтың әйгілі күйші, композиторы «Қыз Жібек» фильміне арнап жазған. Осы туындыға қатысты мынадай оқиға болыпты. Түсірілім кезінде құстар камераға қарай жүзбей қояды. Оларды бір жерге топтастыра алмаған кинематографистер «Аққу» күйін қосуды шешкен.  Дәл осы сәтте құстар әсем әуенге қарай топтасқан. Қобызшы Раушан Оразбаева да құстарға күйдің қаншалықты әсер ететінін өз тәжірибемде  көргенін айтады.

 

РАУШАН ОРАЗБАЕВА, ҚОБЫЗШЫ

- Эксперимент жасап көргенмін. Құстарды торда ұстайтын жерде концертте мен аққудың дыбысын салып едім, олар тордан шығып кете жаздап, қанаттарын қағып, сондай бір күйге ұшырады.

 

Кеште Жанат Шыбықпаев, Бейімбет Таңарыков, Бибігүл Жанұзақ, Ғалия Байғазинова, Татьяна Вицинская, Мәдина Исламова, Елена Ганжа, Елена Низамутдинова сынды дарынды вокалисттер өнер көрсетті. «Астана Опера» театрының скрипка ансамблі де көрерменге ән-шашу тарту етеді. 

 

РАУШАН БЕСКЕМПІРОВА, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ КОНЦЕРТМЕЙСТЕРІ 

- Көктем әуендері» кешінде батысеуропалық және орыс классиктерінің музыкасы да орындалды. Көрермен П. Чайковскийдің «Күн үстемдік еткенде», С. Рахманиновтың «Ол ерте көктемде болатын» және «Көктем сулары»,  Р. Штраустың, Ф. Шуберттің, Э. Григтің және Ф. Листтің тамаша туындыларына тәнті болды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер