;

Классикалық музыканы сүйер қауым үшін көктемгі тарту. Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында Астана әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының солистері өнер көрсетті. Кеште Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, Н.Меңдіғалиев, Д.Россини, Ф.Шуберт және В.Моцарттың вокалдық шығармалары орындалды.

АЛТЫНБЕК ӘБІЛДА, АСТАНА ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ СОЛИСІ

- Нұрғиса Тілендиевтің «Аққудың жылағаны», «Жанарыңның жұлдызы» романстарын орындадым. Терең мағыналы, жүрегіме жақын болғандықтан таңдадым. Орындап шықтым.

Көрермендерді бұл кеште дарынды пианист Саида Қалықова да өз өнерімен тәнті етті. Музыканттың орындау шеберлігі мен аспап әуені көрермендердің жүрегіне жол тапты.

САИДА ҚАЛЫҚОВА, ПИАНИСТ

- Мен бүгін өзімнің «Вариация» атты туындымды орындадым. Италияда оқып жүргенде шығарғанмын. Жеке орындауымда бірінші рет естіп тұр. Былтыр бұл шығармамды «Сарыарқа» ансамблімен бірге халық аспаптарымен орындадым.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер