«Астана Опера» театры аңызға айналған «Қыз Жібек» операсын жаңаша сипатта ұсынбақ. Спектакльді қоюға Қазақстан, Беларусь, Ресей елдерінің шеберлері жұмылған. Театр артистері мен музыканттар, басқа да мамандары премьераға қызу дайындық үстінде.

Классикаға айналған музыка. Евгений Брусиловскийдің мәңгілік партитурасы. Шығарманың жазылғанына осымен сексен жыл болыпты. Осы уақыт бойы «Қыз Жібек» музыкалық драма еді. Онда кейіпкерлердің диалогтары да  енгізілген.

Енді диалогтар қысқаша өлеңдермен алмастырылды. Қазақ тіліндегі сөздер нотаға түсірілгендіктен, оны енді тілді білмейтін басқа артистер де орындай алады деген сөз. Яғни «Қыз Жібек» операсы шетелдік театрлар үшін қолжетімді болды.

МИХАИЛ ПАНДЖАВИДЗЕ, ҚОЮШЫ-РЕЖИССЕР /БЕЛАРУСЬ/:

Қазір көрерменнің талғамы биік, оларды сапасыз дүниемен алдай алмайсың. Сол себепті спектакльді әлемдік стандарттарға жақындата түстік.

Беларусь Опера және балет театрының бас режиссері Михаил Панджавидзе кейіпкерлерді, олардың арасындағы қарым-қатынастарды терең зерттеген соң операға мистикалық, эпикалық сипат беруді жөн көріпті.

Жаңаша сипаттағы «Қыз Жібек» операсының премьерасы алдағы демалыс күндері өтеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер