Классикалық, эстрадалық және джаз вокалының үндестігі. Елордалық көрерменге Мемлекеттік академиялық филармония солистері осындай тарту жасады. Кеште кәсіби орындаудағы үш түрлі музыкалық жанр тоғысты.  Эстрадалық бағыттағы әнші мен классикалық жанр әншісінің «Жұлдызды дуэттері»  -  «Ахау керім», «Еркем-ай», «Эхо любви», «Старый рояль» сынды халыққа жақсы таныс, жақын туындыларды шырқады. Үздік әндерден жинақталған попурри де орындалды.

АСХАТ ҚОШАЕВ, КОНЦЕРТ РЕЖИССЕРІ:

Жанды дауыста, күйсандықпен, елдің құлағында жүрген, жүрегіндегі әндермен концерт бергенді қаладық. Концерт 3 бөлімнен тұрады. Біріншісі – халық әндері, одан кейінгі джаз-блюз үшіншісі –вальс.

Кеште Қияқбай Асамбаев, Татьяна Хасьянова, Бибігүл Жанұзақ, Естай Мұқашев, Диана Маева және Нұрбол Балапанов сынды артистер өнер көрсетті. Олар өзге жанрдағы әншімен дуэт құрудың аса қызықты болғанын жасырмайды.

АЗАМАТ ЖЫЛТЫРКӨЗОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Біз классикалық әншілер табиғи, акустикалық залдарда микрофонсыз, басқа да техникалық көмексіз ән айтамыз. Дауысымыздың күші де, оны жеткізу де әр түрлі. Эстрадалық жанрда өзінің иірімдері бар эастрадалық және дауысының күштілігін микрофонмен алып шыға алады.

Мұндай жанды дауыстағы, жоғары талғамдағы концерттерді көрерменнің күткені анық. Ұйымдастырушылар бұл бастаманы жалғастыруды жоспарлауда. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер