«Байқоңырдан Астанаға дейін». Елордада осындай атаумен Қазақстан мен Франция арасындағы ресми кездесулердің 50 жылдығы аталып өтті. Осыдан жарты ғасыр бұрын генерал Шарль де Голль «Байқоңыр» ғарыш айлағына келген болатын. Мұндай сапарға   1966 жылы 25 маусымда «Восток» ғарыш кемесі мен екі құрлықаралық баллистикалық ракеталардың ғарышқа аттануы түрткі  болды. Бұл Қазақстан аумағына еуропалық мемлекет басшылығының алғаш келуі болатын, -дейді Францияның Қазақстандағы елшісі.  Осы мерейтойға  орай еліміздің Қарулы Күштері әскери-патриоттық орталығында жиын өтіп, тарихи суреттерден жинақталған көрме ашылды.

ФРАНСИС ЕТЬЕН, ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

Генерал Шарль де Голль Байқоңырға келгенде ол КСРО  құрамында болғанымен,  Қазақстанның аумағы еді. Сондықтан бұл оқиғаны Франция мен Қазақстан арасындағы әріптестіктің бастамасы деп қарауға болады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері  екі елдің сауда қарым-қатынасы да дамыды. Өзара сауда айналым көлемі  1 млрд еуродан асады. Мәдени байланысымыз да жылдан-жылға нығаюда.

Франсис Етьен Шарль де Голльдің сапары екі елдің  ғарыш саласында бірлескен зерттеулер жүргізуіне жол ашты деген ойда. Қазіргі таңда бірқатар жобалар қолға алынған. Астанада  ғарыш аппараттарын құрастыратын кешен құрылысы жүргізілуде.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер