Қазақстандық театр ұжымы Санкт-Петерборда өнер көрсетті. «Астана Опера» артистері Мариинский-2-де «Париж Құдай Анасының соборын» сахналады. Петерборлық талғампаз көрермен қазақстандық өнерпаздарды аншлагпен қарсы алды. Морис Жаррдың әйгілі спектакліне екі күнде де зал лық толды.

АЛТЫНАЙ АСЫЛМҰРАТОВА, «АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ТРУППАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

Париж Құдай анасының соборы» 80-жылдары Киров театрында қойылған болатын. Ұзақ жылдар бойы сахналанып жүрген жоқ. Сондықтан біз петерборлық көрерменді қуантып, олар үшін тың дүниені сахналауды шештік. Қазақстандық балет қазіргі таңда қарқынды дамуда. Репертуарымызды түрлі қойылымдармен толықтыруға тырысудамыз. Бүгінде театр репертуарында 10 балет спектаклі бар.

Мариинский театрында Эсмеральда рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әйгерім Бекетаева мен Мәдина Басбаевалар сомдады. Квазимодо партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Сейітпеков пен көптеген халықаралық байқаулардың Бас жүлде иегері Бақтияр Адамжан  орындады.

БАҚТИЯР АДАМЖАН, «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ СОЛИСІ:

Қойылымның бас кейіпкері Эсмеральда болғанымен, Ролан Пети Квазимодо образына ерекше мән берген. Сондықтан мен бет келбетім және дене қимылым арқылы оның ұсқынсыздығы мен шексіз махаббатын бірдей жеткізуге тиіспін. Өйткені Квазимодоның бүкірі болмайды. Тек хореография арқылы көрсететін боламыз.

Бұған дейін елордалық театр ұжымы Ресейдің мәдени астанасында «Біржан-Сара», «Атилла» қойылымдары мен Гала-балет ұсынған болатын. Яғни «Астана Опера» - Мариинский театрының тұрақты көрермендеріне таныс ұжым.  Сондықтан да біздің әртістердің өнеріне қызушылық зор. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер