Фотосурет арқылы Қазақстан табиғатының сұлулығын және қазақстандықтардың адами келбетін әр қырынан бейнелеу. Елордада «Казахстанская правда» газетінің ұйымдастыруымен өткен «Менің Қазақстаным» фотокөрмесінің көздеген мақсаты - осы. Мұнда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай аталмыш басылым ұжымы жариялаған фотобәйгенің түрлі тақырыптарды қамтыған үздік деген 40 туындысы ұсынылды.  Байқауға еліміздің әр аймағынан редакция қоржынына 60 фотосуретшінің 600-ден астам еңбегі келіп түсіпті. Мазмұны, орындалу шеберлігімен ерекшелеленгендері газет бетінде басылып  отырды. Ал оқ бойы озған фото авторлары арнайы марапатқа ие болды. Бәйге олжалап, құрметке бөленгендердің қатарында аға сержант Думан Құрманғалиев те бар. Әскери фототілшінің жастардың патриоттық клубтарының жиыны барысында түсірілген туындысы қазылар алқасының көзайымына айналып, екінші орынға лайық деп танылды.

ДУМАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВ,  ӘСКЕРИ ФОТОТІЛШІ:

Адам бейнесі немесе адамдардың не істеп жатқанын тіршілігін , ісін фото арқылы көрсету керек болатын. Соның бірі өздеріңіз коріп отырғандай «Айбын» жастар патриоттық жиынының жастары. Бұл жерде ең маңыздысы адамның эмоциясы, серпіліс- талпынысы деген сияқты. Бұл жерде ер мінезді қазақ жігіттері бейнеленген.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер