Камералық оркестр шығармаларына арналған кеш. Астанада қазақстандық композиторлар сирек бет бұратын камералық оркестрге арналған туындылар орындалды. «Ақтау сарыны», «Өрен», «Өрлеу», «Гауһар күй», «Дешті-Қыпшақ», «Балғын», «Туған мекен – Күреңбел»... Түрлі  көңіл-күйде, әр уақытта жазылса да,  композитор Балнұр Қыдырбектің туындыларын патриоттық тақырып біріктіреді.

БАЛНҰР ҚЫДЫРБЕК, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ, КОМПОЗИТОР:

Көбі соңғы 2-3  жылда жазылған. Оның да өзінің себептері бар. Бір өкінішті жері – орындалатын шығармалардың тұсаукесерелері шетелде болды. Өзіміздің ауылда орындалмай, шетелде орындалғандығы қынжылтады. Шетелдік оркестрлардың репертуарына еніп, нақты орнын алған.

Кеште композитордың кейбір шығармалары тіпті алғаш рет орындалды. Мемлекеттік сыйлық иегері Балнұр Қыдырбек – 500-ден астам музыкалық шығармалардың авторы. Тыңдармандар композитор шығармашылығындағы жанрлардың саналуандығына тәнті.

БАЙҒАЛИ МОМБЕКОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Ішінде симфониялар, опера, реквием бар. Реквиемді шығарғаны үшін Мемлекеттік сыйлыққа иегер болды. Балнұрдың шығармашылығының ерекшелігі – Жетісудың композиторлары сәл бөлектеу болады. Әркімнің өскен жеріне байланысты болады.

ӘБДІНҰР СЕРІКЖАН, АСТАНА ҚАЛАСЫ КОМПОЗИТОРЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Алғаш рет композитордың шығармашылық кеші болайын деп отыр. Сонысымен де қызықты. Осы концерттен ол кісінің бүкіл шығармашылық жолын осы шығармалары арқылы көруге, білуге және тануға болады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер