Үздік шығармашылық ұжымдар Астанада мәдени манифестация ұйымдастырды. «Эспланада» француз мәдени қауымдастығы ұйымдастырған шараға ресейлік өнерпаздар да келді. 4 күн бойы дарынды балалар мен артистер шығармашылық байқауда бақ сынады. Би, сахна өнері, ән сынды жанрларда бір жарым мыңға жуық адам өз өнерін көрсетті. Мұндай мықты бәсекелестікте 3 ұжым озып шықты. Қостанайлық «Жұлдыз» домбыра ансамблі, алматылық балалар мюзиклы академиясы мен астаналық «Номад» би ұжымының өнері қазылар алқасының көңілінен шықты.

 

ЭЛЬВИРА СВИРИДОВА-ЯМАНИДИ, «ЭСПЛАНАДА» ФРАНЦУЗ МӘДЕНИ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӘРТІСТІК ДИРЕКТОРЫ:

Біздің шараға түрлі жанрдағы өнерпаздар қатысады. Байқауға Омбы, Новосібір, Астрахань сынды қалалардың да ұжымдары қатысты. Мақсатымыз да осы болатын. Шекараны кеңейтіп, сан түрлі ұлттар мен мәдениеттерді біріктіру. Бұл қолымыздан келді деп ойлаймыз.

 

БАУЫРЖАН ТАҒАНОВ, БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫСЫ:

Біздің «Алтын батыр» ұжымымызға - 17 жыл. Мен 3 жыл билеп жүрмін. Билеріміз «Виктори», «Қамажай». Мына концерт арқылы біз өзімізге тағы көп адамдарды шақырамыз.

 

Жеңімпаздар ақтық сынға жолдама алмақ. Гранд-финал сәуір айында Санкт-Петербург қаласында өтеді. Ол жерде көзге түскендеріне, тіпті, Парижді бағындырудың да орайы келеді. Францияның астанасында жеңімпаздарды жеке жобалар күтетін болады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер