Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ режиссер Эмир Байғазиннің «Өзен» атты жаңа фильміне басты рөлге кастинг жариялайды.  Кастингке қазақ тілінде еркін сөйлейтін 12-14 жас аралығындағы ұл балалар шақырылады.
 

Қойылатын талаптар: 

- ұзын бойлы, арықша келген, қара шашты, сабырлы, жауапты және өзіне сенімді. Спортпен шұғылданатын, жүзе алатын ұл бала. Психотипі – өзінен кішілерді қорғай білетін үйдің үлкені. Ересек өмірге қадам басып келе жатқан жеткіншек. 

 

Бала туралы қысқаша мәліметті (аты-жөні, бойы, ата-анасының телефоны) және оның суретін «Басты рөлге» деген тақырыппен kinoreka@mail.ru электронды поштаға немесе 8 747 587 3876 арқылы Whatsapp-қа жіберу керек.

 

Егер де ұл бала біздің қойған талаптарға сай келетін болса, біз оны ата-анасымен немесе балаға жауапты адаммен кинопробаға шақыратын боламыз.

 

«Өзен» фильмі – жасөспірімдер туралы баяндайтын трилогияның – «Асланның сабақтары» және «Төрт оқиға» атты фильмдердің жалғасы. Аталған фильмдер Берлин кинофестивалінде алғаш көрсетіліп, көптеген халықаралық жүлделерге ие болған. Сонымен қатар бұл картиналар Қазақстан мен Еуропаның үлкен экрандарында көрсетілген болатын. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер