Қазақ туындыларының ерекше әуені. Астанадағы Индонезия мәдени орталығында ангклунг курстары ашылды. Индонезияның ұлттық аспабын игергендердің қатарына енді қазақстандықтар да қосылмақ. 4 ғасырлық тарихы бар ангклунг кезінде астық жинаушыларды өз үнімен қолдаса керек. Бамбуктан жасалған аспап ЮНЕСКО мәдени мұрасының тізіміне еніп отыр. Пішіні, түрі әрі үні ерекше аспаптың танымалдылығы артуда.

 

Хамдани, ИНДОНЕЗИЯ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

Мәселен, Жапонияда ангклунг міндетті пәндер қатарында. Тағы кейбір Азия елдерінде де оқу бағдарламасына енген.  Өйткені ол адамның еске сақтау қабілетін арттырады. Біз Қазақстанның біраз қаласында концертте қойдық. Көрермендердің бәрі оның ерекшелігіне тамсанды. Ұлттық аспабымызға қазақстандықтардың қызығушылығы артады деген сенімдеміз.

 

Туындыларды ангклунгта орындауға тез үйренуге болады, дейді Әсем Саржанова. Аспапты сезінсең болғаны. Оның ангклунгтың қыр-сырын меңгере бастағанына бірер айдың жүзі ғана. Алайда нәтиже қуантарлық.

 

Әсем САРЖАНОВА, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДОНЕЗИЯ ЕЛШІЛІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Біз қазақ туындыларын үйреніп жүрміз. Оның ішінде біреуін қазір үйрендім деп айтуыма болады. «Қамажайды» соңына дейін үйреніп келемін. Фортепианоға келеді. Бұрын ойнағанмын. Соны жаңғырту үшін  осы аспапта ойнаймын.

 

Хайди НУР ХАШФИ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДОНЕЗИЯ ЕЛШІЛІГІНІҢ МӘДЕНИЕТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Біздің мәдениет орталығымыз ашылғалы қазақстандықтар Индонезияны танып-білуде. Екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келеді. Серіктестігіміздің 25 жылдығына орай түрлі ірі мәдени шаралар ұйымдастырдық.

 

«EXPO 2017» көрмесіне де индонезиялық тарап ауқымды мәдени бағдарлама әзірлеуде. Бұдан бөлек, түрлі көрмелер мен концерттер, мәдениет апталығы сынды шаралар жалғасатын болады. Сөйтіп, екі елдің рухани байланысы тереңдей бермек. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер