Қазақтың қылқобызы мен жетігеннің классикалық аспаптармен дыбыстық үйлесім табуы Чехия халқын қайран қалдырды. Праганың "Рудольфинум" залында халық әртісі Айман Мұсақожаеваның жетекшілігімен Еуразиялық симфониялық оркестрдің гала концерті өтті. Ол ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.

 

Фарид ШАФИЕВ, ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ЧЕХИЯДАҒЫ ЕЛШІСІ:  

Қазақтың төл мәдениеті бізге өте жақын. Батыс пен шығыс музыкасының синтезі өте ұнады. Барлық көремендер көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.

 

Нора КОПЕЦКИ, КӨРЕРМЕН:

Қазақстан артистері өте дарынды. Музыкасы керемет. Бүкіл халықты келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Бейбіт өмір тілеймін.

 

Симфониялық оркестрге жетекшілік еткен Айман Мұсақожаева да сахна төрінде өнер көрсетті. Әйгілі артист Прагаға алғаш келіп отырған жоқ. Бұған дейін де жергілікті тұрғындарды өз өнерімен тамсандырған. Көрермендер оның скрипка ойнаудағы өзіндік өрнегін ерекше атап өтті.

 

Айман МҰСАҚОЖАЕВА, ҚР ХАЛЫҚ АРТИСІ:

Біз  Мәскеу консерваториясында концерт қойып,  Young Euro Classic фестиваліне де қатыстық. Әрине, ел тәуелсіздігінің қарсаңында әлемнің ең танымал сахналарында өнер көрсету - біз үшін үлкен мақтаныш.

 

Концертте қазақстандық сазгерлер Ақтоты Райымқұлова, Әлқуат Қазақбаев, Рахат-би Әбдісағиннің үздік шығармалары орындалды. Оркестрдің концерттері  Еуропаның тағы бірнеше қаласында жоспарланған.

 

Филип БАНДЖАК, ОПЕРА ӘНШІСІ /ЧЕХИЯ/:

Қазақстандық артистерді тек мақтай аламын. Бағдарлама өте күрделі болды. Мұндай концертке қатысқаныма дән ризамын. Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер