Қытайда қазақ тіліндегі тұңғыш көп сериялды телефильм «Қаңлы хикаясы» Тарбағатай аймағының Толы ауданында түсіріле бастады. Фильмді түсіру қызметі межемен желтоқсан айында аяқтап, келесі жылдың сәуір айында көрерменмен жүздеседі, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 

«Халық торабының» мәліметінше, көп сериялды телефилім «Қаңлы хикаясының» түсірілім жұмыстары, басталу, аяқталу мерзімі туралы ақпараттар Шинжияң телевидениесінде хабарланған.

 

Аталған телефилімнің режиссері Күрес Қабденұлының айтуынша, сериялдың бас кейіпкері Ақбелдеу ауылы Қаңлы қыстағының жас партия секратары Ұлан есімді азаматтың төңірегінде өрбиді.

 

Фильмде тарихтан бері «шөптің шүйгінін, судың тұнығын» қуалап көшіп-қонып өмір сүрген қазақ малшыларының бас кейіпкер Ұланның бастауында көшпеліліктен біртіндеп отырықтасуға беталғаны, жаңа ғасырдағы қазақ тұрмысы және көшпелілер өмірінің сан қилы тұмыс салты көрініс табады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер