Шекспир туындыларына тың көзқарас. М.Горький атындағы орыс драма театры өз көрермендеріне  «Ромео мен Джульеттаны» ұсынуда. Алайда бұл үйреншікті, қайғылы трагедия емес, әзіл мен заманауи  жаңашылдықтарға толы қойылым. Актерлердің үстіндегі еркін киімдері мен беттеріндегі батыл бояулары көрерменді бірден дәстүрлі Шекспир қойылымдарынан алыстатады. Спектакль қиял мен түс ретінде баяндалған.

 

Екатерина МАКСИМ, ДЖУЛЬЕТТА РӨЛІН СОМДАУШЫ:

Қойылымның бәрі – түс. Сондықтан мұндай тәсіл біздің фантазиямызды кеңейте түседі.  Қойылымды көрермен жылы қабылдайды. Спектакльдің соңында да  басты кейіпкерлер өлмейді, керісінше, қосылады. Өйткені түсімізде  бәрі мүмкін. Біз осыны жеткізуге тырыстық.

 

«Мұндай қойылымдарды, әсіресе, жастар  ерекше ықыласпен қабылдайды», -дейді театр ұжымы. Олар шынайы эмоцияларды онлайн режимінде көреді десе де болады. «Бұған қоса, классикалық қойылым емес, үйреншікті тілде , күнделікті образдар арқылы жеткізілген туынды жастарға жақын»,-дейді Ромеоны сомдаушы Данил Хомко.

 

Данил ХОМКО, РОМЕО РӨЛІН СОМДАУШЫ:

Спектакльдің классикалық нұсқасы, ең алдымен, режиссер үшін қызықсыз. Әр режиссер қойылымға жаңа дем бергісі келеді. Актерлер де кезінде нағыз Ромео мен Джульеттаны сомдады. Яғни біздің де классикалық үлгіден алыстағымыз келеді. Сондықтан қырғызстандық режиссер Нұрлан Асанбеков осы стильді ұсынған кезде біз қуана келістік.

 

Әзілге, заманауи тәсілдірге толы болса да, бұл қойылым көрерменге ой салмақ.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер