«Астана - бейбітшілік бесігі» деген атауға лайық, дейді оңтүстіккореялық суретші Сан Бок Ли. Ол ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі туралы естіп,  Қазақстанға деген қызығушылығы оянған. Ел тарихы,  Астананың қалай бой көтергені, Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның бейбітшілікке үндеген игі бастамалары туралы ғаламтордан оқып білген. Енді Астананы өз көзімен көріп, төл туындыларының көрмесін өткізуді армандап жүр. Сан Бок Ли суреттерін ежелгі кореялық технология бойынша бамбуктан жасалған табиғи қағазға салады.

 

САН БОК ЛИ, СУРЕТШІ  

Бұл таңбалар Корея туында бейнеленген. Осының бәрі үйлесімділікті білдіреді.  Суреттерім арқылы адамдар әркез ынтымақта болса, түрлі соғыс қимылдары мен айтып келмейтін кесапаттарға тойтарыс беріп, бейбіт өмір сүруге болатынын көрсеткім келеді.

 

Суретшінің айтуынша, жер бетінде адамдар бір-бірімен көзге түспейтін жіптермен байланған. Әлемдегі бейбітшілік осы жіптердің бекемділігіне байланысты.

 

САН БОК ЛИ, СУРЕТШІ

 Бұл тақырып маған өте жақын. Себебі мен де өз еңбектерім арқылы осы ойды жеткізуге тырысам. Мен Қазақстанда ядролық сынақтар болғанын білемін. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ядролық қарудан бас тартты. Осы жайт мені қатты таң қалдырды.

 

Сан Бок Ли туындыларының жеке көрмелері Франция мен АҚШ елдерінде өткен. Ендігі арманы  - шығармаларын қазақстандық өнерсүйер қауымға көрсету. Сан Бок Ли бейбіт қала - Астананың тұрғындары оның жұмыстарын жоғары бағалап, жүрекпен қабылдай алатынына сенеді.

 

Сурет: 24.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер