"Ағайынды Жүгінісовтер" тобының солисті Мұхамедәлі Жүгінісов "Битва талантов" байқауының Гран-при жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды  tengrinews.kz, Хабар арнасына сілтеме жасай отырып.

 

Еске салайық, 30 қазанда Мұхамедәлі Жүгінісовті Игорь Крутой ұйымдастырған байқауға қатысуға аттанған болатын. Ол ең дарынды балалардың катарына кіріп, 10 күннің ішінде атақты әнші Beyonce-ның ұстазы David Lee Brewer-ден Мұхамедәлі дәріс алып жүрген. Мәскеуде қазақстанның намысын қорғаған Мұхамедәлі Жүгінісов елімізге бүгін оралды.

 

Сурет: kaz.tengrinews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер