Қазақстандық рэпер Jah Khalib "Вечерний Ургант" бағдарламасында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 

Қазақстандық музыканттың орындаған әндері бағдарламаның сайтында жарияланды. Айта кетейік, Jah Khalib "Созвездие ангела" композициясын орындап шықты.

 

Jah Khalib есімді рэпердің шын аты - Бахтияр Мамедов. Ол 1993 жылы 23 қыркүйекте дүниеге келген. Әнші Алматы қаласында тұрып жатыр. Оның орындаған әндері тек Қазақстанда емес, сондай-ақ Ресейде де танымал.

 

Сурет: kaz.tengrinews.kz

Видео: www.1tv.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер