«Тазарғың келсе театрға бар». Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театры жаңа маусымда 7 премьера ұсынады. «Бразилия байлығы», «Аққудың көз жасы», «Мұқағали», «Ғасырдан да ұзақ күн» сияқты қойылымдар кешегі тарих пен бүгінгі күннің болмысын анық көрсетеді. Театрға жаңадан келген жас актерлар мен режисерлар  тың дүниелерімен таң қалдырады. Театр маусымы кезінде Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романы сахналанып,  Кенесары бейнесі жаңа сипатпен сомдалмақ.

 

Талғат ТЕМЕНОВ, Қ.ҚУАНЫШБАЕВ ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

Биылғы ашылып отырған 26-маусымда біз көрерменге жаңа премьералар ұсынамыз. Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні», «Қараш-қараш» оқиғасы, О.Жанайдаровтың «Жұт», Думан Рамазанның «Абылай ханның арманы» секілді спектакльдер бар. Театрымыз биыл көрерменді таң қалдырып, жаңа белесті бағындыруы тиіс.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер