Астанада скрипкашылардың халықаралық байқауы өтті. Әсем үнімен адам жанын баурап алатын аспапты жетік меңгерген қырықтан аса жас дарын шеберлік байқасты. Олар Бах, Паганини, Брамс, Чайковский және Шостакович сияқты әлем классиктерінің шығармаларын орындады.

 

Ақбике Алги – дарынды қазақстандық скрипкашы. Алайда жасына қарамастан, ол өз талантымен бірнеше ел көрермендерінің жүрегін жаулап үлгерген. Халықаралық байқаудың қазылар алқасы қазақстандық өнерпаздың шеберлігіне тәнті болған. Олардың айтуынша, Қазақстан атынан сайысқа түскен жас дарын материалдың мән-мағынасын терең түсіне білуімен, эмоционалды орындауымен таң қалдырды. Өткен жылы Астанада өткен скрипкашылардың халықаралық байқауында Ақбике Алги жүлделі орын алып, «Үміт» аталымы бойынша марапатталған.

 

Айман МҰСАҚОЖАЕВА, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Мұндай байқаулар жас дарындарды ашып, оларға қолдау көрсету үшін ұйымдастырылады. Біз Мәдениет министрлігінен грант алдық. Енді жастарды шетелге тәжірибе жинақтауға жіберуге мүмкіндік бар. Осы байқаудың жеңімпазына да сондай грант беріледі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер