Елордада алғаш рет Пушкиннің «Евгений Онегині» сахналанды. Қара өлең ұйқасымен жазылған роман тұңғыш рет балет тілімен  қойылып отыр. Санкт- Петербурлық Борис Эйфман атындағы академиялық театры трупасының орындауында көпшілікке таныс оқиғалар желісі де әдеттегіден өзгешерек. Сол өшпес махаббат тақырыбы. Тек, Онегиннің 19 ғасырдағы сезімі біздің кезеңге алмастырылған. 

 

Борис ЭЙФМАН, БАРИС ЭЙФМАН АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл балет әлемнің көптеген елдеріннің үлкен сахналарында қойылды. Бірақ классикалық туындыны өткен мен бүгінді байланыстыратын көпір ретінде ешкім қарастырған жоқ еді. Мен 200 жыл бұрынғы адамдардың сезімі мен өмірлік құндылықтары қазірдің өзінде сол маңызға ие екенін көрсеткім келді. Қойылым барысында көрермендер еріксіз салыстырмалы түрде әр кезеңге саяхатайды.   

 

Әсер етерлік декорациялар, мың бұралған сахна саңлақтарының хореографиясы, қойылымның музыкалық әрленуі көрерменді орнына таңып, өзіне бірден баурай біліді.  Тіпті қоюшы режиссердің таңдауындағы  әуезімен елжіретіп, құлақтан кіріп бойды алар  Чайковскидің  сазды шығармалары  90 жылдары танымал болған «Автограф» рок орындаушыларының әуендерімен үндестік тапқан.

 

Ресейдің ең танымал бишілері кейіпкерлердің ішкі сезімі мен болмысын көпшілікке таңсық заманауи балет қимылдарымен жеткізуге тырысып бақты. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, "Алтын бетперде", "Алтын Софит" сыйлықтарының иегері Олег Габышев Эйфманның көзқарасындағы бұл  балет құрылғалы Онегинді сомдап жүр.

 

ОЛЕГ ГАБЫШЕВ, ОНЕГИННІҢ ПАРТИЯСЫН ОРЫНДАУШЫ: 

Бұл - шығармашылық жолымда сомдаған ең қызықты кейіпкерім. Пушкиннің Онегині мен біздің балеттегі басты рөл иесінің мінездерінде ортақ қасиеттерін табу оңайға соқпады. Ондай адамдар әр кезеңде кезігеді. Ғашықтық сезіміне берілген жас дарын. Бірақ замандастарының түсіністігін таба алмай кеткен. Мен бұл рөлді талай мәрте ойнап жүрмін. Әр қойылымда кейіпкерді  жаңа бір қырынан танытуға тырысамын. .   

 

«Онегин «Борис Эйфманның Қазақстанда қойған алғашқы балеті  емес. Атты әлемге мәшһүр балетмейстердің жетекшілігімен әзірленген «Роден» мен «Анна Каренина»  отандық сахна саңлақтарының репертуарына еніп отыр.  Бүгінде авторлық театрдың қорында 50-ден артық   төл туынды бар. Өнер ұжымы жылына 100-гежуық қойылым ұсынса, оның 80 пайызы гастрольдік сапарлары аясында әлемнің үздік сахналарында орындалады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер