Ұлы Абайдың шығармасы жаңаша сипатта. Ресейлік композитор әрі дирижер Виктор Соболев «Абай тақырыбына экспромт» атты музыкалық пьесасының әлемдік тұсаукесері Астанада өтті. Абайдың ең танымал «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін скрипкаға ықшамдап, аранжировка жасаған танымал композитор симфониялық оркестрдің солисі, бірінші скрипкасы Қаламқас Жұмабаеваға арнайы жазыпты. Ол халықаралық байқаулардың дипломанты фортепиано шебері Долорес Үмбетәлиевамен бірге елордалық өнерсүйер қауымға «Скрипка музыкасының жауһарлары» атты концертін жоғары деңгейде өткізді. 

 

Қаламкас ЖҰМАБАЕВА "АСТАНА ОПЕРА" ТЕАТРЫНЫҢ СОЛИСТІ:

Ресейлік композитор бұл шығарманың негізгі құрылымын сақтауға тырысқан. Осы пьесаны орындау барысында оның өзіндік қолтаңбасы барын білесің. Қазақтың әніне ол өзінше жаңашылдық берген. Көрермен бағасын бере жатар.

 

 

 

Сурет: Kazpravda.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер