17 қазанда М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайында «Махамбет - тарихи тұлға» атты Махамбет оқуларының қалалық байқауы өтеді.

 

Конкурс XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың рухани көшбасшысы, қазақтың ұлы ақыны Махамбет Өтемісовке арналған.

 

Махамбет оқуларының қалалық байқауына 8-17 жастағы 100 бала қатысады. Басты кезеңге 60 мектептің ішінен 24 мектептің оқушылары өтті.

 

Биыл «Махамбет - тарихи тұлға» қалалық байқауы «Мен – Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын», «Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациялары бойынша өтеді.

 

2003 жылы астаналық оқушылар сарайына батыр бабамыз Махамбеттің есімі берілді. Оқушылар сарайы 13 жылдан бері Махамбет оқуларын ұйымдастырып келеді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер