Әдебиет саласы бойынша биылғы Нобель сыйлығын алатын лауреаттың есімі белгілі болды. Ол "АҚШ-тың ән дәстүрінде жаңа поэзиялық үлгі құрғаны" үшін америкалық музыкант әрі автор-орындаушы Боб Диланға бұйырды. 75 жастағы Дилан 9 мәрте "Грэмми" сыйлығын иемденген. 2008 жылы америкалық мәдениетке жасаған ықпалы үшін "Пулитцер" жүлдесін де алды. Ал, 2001 жылы "Ең үздік саундтрек" номинациясы бойынша оған Оскар сыйлығы берілген. Осылайша, Боб Дилан адамзат тарихында "Нобель" мен "Оскар" жүлделерін иемденген екінші адам болып отыр. Бұған дейін қос беделді сыйлықты тек ағылшын драматургы Бернард Шоу алған еді.

 

Сурет: Mashable

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер