БҰҰ -ның штаб-пәтері мен Нью-Йорк орталықтарында Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған көркем-сурет көрмелері өтіп жатыр. Егемендіктің 25 жылдығынан сыр шертетін көріністер мен суреттерді Тұңғыш Президент қоры ұсынған. Мұнда әсіресе  әркелкі табиғат пен ежелгі аңыздар бейнеленген Ұлы дала елінің фотосурет көрмесі келушілердің қызығушылығын тудырды. Бұл еңбектердің авторлары Тұңғыш Президенті қорының грантын жеңіп алғаннан кейін жобаны іске асырған. Көрмеде еліміздің көпке белгісіз көрікті аймақтары суреттелген. Ұлт көшбасшысының қоры таңғажайып экспозицияны БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігіне тарту етті. Еліміздің 25 жылдық тарихын бейнелеген ерекше көрме, Американың басқа штаттарында да жұрт назарына ұсынылады. 

 

Сергей ТОХТАРОВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ ҚОРЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

бұл экспозициялар еліміздің құнды мәдениті мен салт-дәстүрін, тарихын сақтауға өз септігін тигізеді. Сіздер көріп тұрған көріністер келушілердің қызығушылығын оятып қана қоймай, елімізді тереңнен танып білуге мүмкіндік береді. Мұнда қойылған әрбір фотосурет ешбір жерде қайталанбайтын таңғажайып туынды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер