Жастар театры жұртшылыққа бұрыннан таныс шығармалардың заманауи қойылымдарымен қуантуда. Театрда сахналанған «... Көзіме бір көрінсең, бала ғашық» атты сахналық повесть солардың бірі. Қойылым Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым -Қожа» шығармасына негізделген. Алайда  қойылымда  заманауи көзқарас пен тың мінездер байқалады.

 

Бекболат ҚҰРМАНҒОЖАЕВ, ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ:

Осы қойылымда заманауи тұрғыдан келгенде режиссер сол 60-шы, 70-ші жылдардың атмосферасын сақтай отырып, тілін бүгінгі күнге алып келді. Бүгінгі балалардың психологиясына, логикасына жақындатты. Көркемдік жетекші, спектакль режиссері Нұрқанат Жақыпбай бұл шығармадан инсценировка істеді.

 

10 жыл бойы көрерменді қызықты репертуарымен қуантып келген театрдың қойылымын Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова да тамашалады. Ол театрдың шығармашылық труппасының еліміздің рухани-мәдени өміріндегі зор үлесін атап өтті. 

 

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

25 жылдағы бірлік пен жасампаздықты көрсету мәселесі қаралған. Осы қазан айында мәдениеттегі жетістіктер қаралатын болады. Қазір елімізде жаңадан қосылған мәдениет ошақтары бар. Біразы қайта өңдеуден өтті. 64-тен аса театрымыз, 234 музейміз, 4 мыңнан астам кітапхана бар.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер