Алты елдің сазгерлері бірігіп, бір сахнада өнер көрсетті. "Playing together" деп аталатын шара Орталық Азия мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың 25 жылдығына арналады. Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбек елдінің  жас өнерпаздары мен америкалық сазгерлер қатысты. Әр елден құралған жастар тобы Алматы консерваториясында 5 күн бойы дайындалған. Концертте өздері шығарған туындыларын,  заманауи және классикалық музыкаларды орындады. Айта кетейік, мұндай концерт Қазақстаннан бөлек, басқа мемлекеттерде де ұйымдастырылмақ. 

 

МЭТЬЮ ВИЛСОН - АҚШ ЕЛШІЛІГІ АТТАШЕСІНІҢ МӘДЕНИЕТ БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ:

Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Бірнеше елдің сазгерлері бұған дейін Ашхабад пен Ташкентте өнер көрсетті. Алдағы уақытта Душанбе мен Бішкекке барып концерт өткізуді жоспарлап отырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер