Қырғыз суретшісі Азамат Жаналиев Ресей президенті Владимир Путиннің туған күніне орай оның портретін шегемен салып шықты. Бұл туралы «Балтика» радиосының хабарламасына сілтеме жасай отырып bnews.kz жазды.

 

Жаналиев картинаны жібек жіп пен шеге пайдалана отырып салған. Ол бұларды арнайы фанердің бетіне жапсырған.

Суретші журналистермен кездесуінде туындысын Путиннің қолына жеке өзі барып тапсырғысы келетінін айтқан. Бірақ, әлемге саяхаттауды жоспарлап қойғандықтан, мұның орайы келмейтін сияқты. Сапар кезінде 200-ге жуық танымал тұлғаның портретін салуға ниеттеніп отыр. Сондықтан, ол Ресей президентінің портретін Санкт-Петербордағы Петропавл қамалына қалдырып кетпекші.


«Мен оның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыйлығым жайында хабардар болатынына және өзім кетіп қалып жатсам, портретті апарып беретін адамның табылатынына сенемін. Бірақ, Кремльге шақырып жатса, мен қайда жүрсем де, жетіп келемін», – дейді Жаналиев журналистерге.
Суретші өзінің Facebook-тегі парақшасында картинаны Ресейде тұратын барлық қырғыз мигранттары атынан сыйлайтынын жазыпты.

 

Фото: ras.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер