Түркия астанасы Анкарада Түркі мемлекеттері тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтті. Алқалы жиынға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркменстанның Түркиядағы елшілері, танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері және түркі ынтымақтастық ұйымдарының басшылары қатысты.  Онда сарапшылар егемендіктің ширек ғасырында түбі бір түркі елдерінің дипломатиялық байланыстары шынайы достық пен бауырластық рухта өрбігенін айтып,  келешекте ынтымақтастық көкжиегін одан әрі кеңейту мәселелері жөнінде пікір алмасты. 

 

Сауытбек АБДРАХМАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Біз түркі нәсілінің бірлігін көрдік, түркі нәсілінің бірлескен тірлігін көрдік. Соған қуандық. Осы бірлікті қалай бекемдейміз деген мәселе төңірегінде жақсы, жақсы әңгіме болды. Жаңа ғана президент Ердоғанның баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ара-ағайындық еңбегін біздің сөзімізге тоқталып, алғысын тағы да білдірді. Оған жұрт дуылдата қол соғып жатыр. Осының барлығы біздің еліміздің, түркі тілдес мемлекеттері арасындағы ерекше беделін көрсетеді. Соған өте қуанып отырмыз.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер