Солтүстік Қазақстан облысында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің «Ұлы дала мұрасы» атты концерті өтті. Өнер ұжымының гастрольдік сапары ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Олар алыс ауылдарды да аралап, жергілікті жұртты қазақтың төл өнерімен сусындатты. Оркестр мүшелері - Құрманғазы, Тәттімбет пен Дәулеткерейдің күйлерімен қатар әлемдік классиктердің туындыларын да орындады. Музыканттардың  концерттік бағдарламасы Батыс Қазақстан облысында жалғасын табады.

 

Нұрғиса ДӘУЕШОВ, ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫ ОРКЕСТРІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Әлемдік классикалық шығармаларды да алып келіп отырмыз. Ол жаңағы Штраус, Вивальдидің жаңадан түскен, репертуарымызға жаңадан қосқан шығармалар. Және де жастарды тарту мақсатында қазіргі таңдағы әлемдегі ең танымал шығармаларды, музыкаларды оркестрімізге оңдеп түсірудеміз.

 

 

 

Сурет: mvastracons.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер