Астана балет театры Жапонияда гастрольдік сапарын бастады. Елордалық труппаның алғашқы гала-концерті Токиодағы Бунка Кайкан сахнасында өтті. 2 мың адамға есептелген залда бір де бір орын бос қалмады.

 

Ясуо ФУКУДА, ЖАПОНИЯНЫҢ БҰРЫНҒЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мен қазақстандық балетті алғаш рет көріп отырмын. Дайындық деңгейі өте жоғары екен. Бейнеграфика мен жарық өте жақсы қолданылған. Кеш керемет өтті. Мұндай шаралар сирек болады. Өнерпаздардың арқасында екі ел арасындағы ынтымақтастық нығаяды деген сенім бар.

 

ЭМИ ХАРИЯМА БАЛЕРИНА, ХОРЕОГРАФ:

Менің көңіл-күйім тамаша. Мұндай көріністі бұрын-соңды көрмеппін. Би техникасы мен динамикасы өте орынды болды.

 

Токио сахнасында хореограф Рикардо Амарантеның «А фуэго ленто» атты жаңа қойылымның тұсауы кесілді. Сондай-ақ, гастрольдық бағдарламаға табиғат сұлулығын бейнелейтін «Гайя» мен жер жүзінің пайда болу тарихы көрсетілген "Әлем" қойылымы енгізілген. Сұранысы жоғары жапон көрермендеріне классика, модерн және қазақтың халық биі жанрлары ұсынылды.

 

РИЗА ҚАНАТҚЫЗЫ - ASTANA BALLET ТЕАТРЫНЫҢ БАС СОЛИСІ:

Бұл үлкен жауапкершілікі деп ойлаймын, өйткені біздің труппа Қазақстанның атынан келіп отырмыз гастрольдік сапарға. Сондықтан көрермендердің көңілінен шықты деген ойдамыз. Оның үстіне үлкен дайындықта болдық, алда тіпті алға қарай ұмтылуға тырысамыз.

 

Астана балет театры күншығыс елінде өнерін алғаш рет көрсетсе де, оны көруге 20 мыңға жуық адам ниет білдірген. Ұйымдастырушылар бұл тізімнен 4 мың көрерменді іріктеп алыпты.

 

НАЦУО ЯМАГУЧИ, ЖАПОНИЯ КЕҢЕСШІЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Балет труппасының бағдарламасында еуропалық және ұлттық элементтер қамтылған. Оған қоса заманауи технологиялар бұл көріністі жандандырды. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктері таң қалдырады.

 

Валерий КҮЗЕМБАЕВ, ASTANA BALLET МЕМЛЕКЕТТІК ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл көнцерт біздің елдің үлкен жеңісі деп айтсам қателеспеймін. Өйткені шет мемлекеттер ең бірінші өнерге зор мән береді. Менің ойымша, Қазақстанға деген қызығушылық артып келеді. Әрі қарай да осы деңгейден кем түспеуіміз қажет.

 

Енді театр әртістері Щинджуку Бунка Сентада өнер көрсетеді. Мұндағы қойылым да көрермен үмітін ақтауы тиіс. Себебі, бұл қойылымдармен қатар, бишілер «Арулар», «Таңсәрі» сынды спектакльдер көрсетпек. 

 

 

 

Сурет: astanaballet.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер