Мәдениет министрлігі Кенесары ханның бас сүйегін елге қайтару жұмыстарын қолға алды. Астанада өткен брифинг барысында Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова осылай деді. Министр орынбасарының айтуынша, бүгін таңертең елге Кейкі батырдың мүрдесі жеткізілген. Енді ДНҚ-ны анықтау жұмыстары жүргізілмек. Бұл тұста мажарлық ғалымдар көмек көрсетуге дайын. Енді ведомство Кенесары ханның бассүйегін елге қайтару бойынша келіссөздерді белсенді жүргізбек. 

 

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА,  ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Жерімізді өз ұрпақтарына сақтап, халқымыздың болашағы үшін жандарын қиған батырларымыз өз жерімізде жерленуі тиіс деп ойлаймыз. Кенесары ханның бассүйегін елге қайтару жұмысы жақын арада аяқталады деп айта алмаймын. Алайда тиісті жұмыстар қолға алынды.

 

Вице –министр өз сөзінде тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шаралар барысына да тоқталды. Оның айтуынша, жыл басынан елімізде 8 мыңнан астам шара ұйымдастырылған.  Алдағы 3 айда республикалық деңгейдегі тағы 100 шара өткізілмек. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 407 млн теңге қаржы бөлінді. Ең басты жиын 15-ші желтоқсан күні өтеді. Ал Тәуелсіздік күніне орай халыққа жасалатын ең үлкен сый 10 сериялық "Қазақ хандығы" киносериалының көрсетілімі болмақ. 

 

 

 

Сурет: qamshy.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер