Италия археологтары Қазақстан аумағындағы ежелгі көшпенділердің ескерткіштерін толыққанды зерттеуге қызығушылық танытып отыр. Олар бұл ниеттерін елордада өткен қос мемлекеттің тарих сақшыларының бас қосуында білдірді. Шетелдік антропологтардың еліміздің шежірелі көне мұрасын зерделеуде тәжірибелері бар екенін айта кету керек. 1998 жылы бастау алған  бірлескен жоба қайта жандануы мүмкін. Ол кезде Италияның Лигабуе ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлерінен жасақталған халықаралық экспедиция жұмысы өте нәтижелі болды. Оның аясында  Майемер, Тарасу, Берел қорымдарында қазба жұмыстары жүргізіліп, тасқа салынған бейнелер мен  ғұрыптық ескерткіштер ашылды. Мәселен, Берел сақ обаларында мәңгілік мұздақтың арқасында сақталған жерленген адамдар мен  жануарлардың сүйек қалдықтары, киіз, тері, ағаш бұйымдары жер бетіне шықты. Бұл жәдігерлер әртүрлі әдебиеттерде кеңінен жарық көріп, әлемдік деңгейдегі ерекше жаңалық ретінде жоғарғы бағасын алған еді.

 

Джан ЛУКА БОНОРА, АРХЕОЛОГ, (ИТАЛИЯ):

2007 жылы Сырдария бойындағы, ал 2012 жылы Зеренді аумағында қола дәуіріне жататын Шағалалы қорымыдарын зерттедік. Онда табылған тұрмыстық заттардың дені Еуразияның өзге аймақтарында жасалғаны анықталды. Бұл - б.з.б 3 мыңжылдықтың соңында сауда-саттықтың дамығанының белгісі. Қазақстанда табылған барлық дереккөздер ғылыми еңбекке біріктірілді, ал кейін кітап болып басылды. Енді сол зерттеу жұмыстарын қайта жандандырмақпыз. Көне жәдігерлер қайдан шықса да ол – адамзат баласының ортақ тарихы.

 

 

 

Сурет: www.nerealno.info

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер