Елордада "Түп-төркінін төрге оздырған Маңғыстау" атты көрме ашылды. Мұнда еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бергі өлкенің дамуы, археологиялық жұмыстар мен өңірдің өзіне сай қолданбалы өнері көрсетілген. Маңғыстау облысының күндері аясында ұйымдастырылған көрмеде қазақтың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін арнайы тақырыптық экспозиция да бар. 

 

ТАМАРА ЖҰМАЛИЕВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ  

Бұл көрменің шындығында жүгі ауыр. 25 жылдлық мерейтой қарсаңында болғандықтан біз Қазақстанның егемендігімен келген мәдениет саласындағы үлкен өрлеулерге арнадық.  Соның бірі 362 әулиелі мекендегі ең алғаш қалпына келтірілген ескерткіш Бекет Атанаңы жер асты мешіті болатын. "Ұлыс Ұраны пір Бекет" дейтін 7 планшеттен тұратын жақсы көрме жасақтадық. Бүгінгі көрменің беташары осы көрмемен басталады. 

 

Сурет: www.travelbook.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер