Астаналық "Жастар" театры оныншы маусымын ашты. Өнер ұжымының кезекті  маусым шымылдығы "Шыңғысхан" атты шығармамен түрілді. Тарихи туынды Нұрқанат Жаққыпбайдың режиссерлік жаңа шешімімен көрініс тапқан. Режисер жарты әлемді жаулаған жаһан әміршісінің толағай табыстары мен ұрыс даласындағы сансыз жеңістерінен бұрын оны тізе бүктірген қандай күш деген сұраққа жауап іздейді. Бұл Шыңғысханның тылсымға толы тағдырын оқиға өзегіне айналдырған қойылым.  Жаз бойы дайындығын пысықтаған шығармашылық топ осы еңбектерімен  бірнеше байқауда бақ сынап үлгеріпті. Мысалы, Беларус жерінде өткен "Белая важа" халықаралық фестивалінде "Ең әсерлі қойылым" аталымы бойынша лауреат атанды. Өткен айда ғана аяқталған Республикалық драма театрлар фестивалінде де жүлдеге ілінді. Алдағы уақытта өнер ұжымы Евгений Брусиловский мен Ғабит Мүсіреповтің "Қыз-Жібегін" жаңа сипатта жарыққа шығармақ.  Бұдан бөлек қара шаңырақ көрермендерін он жылдық  мерейтойына орай өзгеде тың туындылармен қуантамыз деп отыр.   

 

Нұрқанат Жақыпбай, Жастар театрдың көркемдік жетекшісі

Биыл қоржынымызды тағы екі жоғарғы деңгейлі жүлдеміз бар. Маусымымызды осылай бастағалы тұрмыз. Жәнеде мына  тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап Әбіш Кекілбаевтің «Аблайхан» тарихи драмасын жасап жатырмыз қазір. Осы қараша айында премерасын көрсетеміз деген ойдамыз.

 

Сурет: samatshow.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер