Түркі тілдес елдердің мәдениетін, дәстүрлі ән өнерін жаңғырту мақсатында осы жылдың наурызында құрылған «ТҮРКСОЙ   халық аспаптары оркестрі» аз ғана уақыттың ішінде көптеген елді аралап, өз өнерлерін паш етіп қайтты. Өнер ұжымының Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бағдарламасы Алматыда жалғасты. 

 

Бағдат Бесбайұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Бұл концерттің ерекшелігі ауқымы кеңейді бұл оркестрдің. Атап айтар болсақ  мынау Моңғолиядан келген музыканттарымыз бар. Саха елінен, Тыва елінен, Башқұтстаннан, Қырғызстаннан,Багаузиядан, Түркиядан, Өзбекстаннан және  біздің қазақстан респубиликасының ансамблі.

 

«ТҮРКСОЙ халық аспаптары оркестірінің» құрамында 35 адам бар. Оның біразы - еліміздің «Сазген сазы» ансамблінің өнерпаздары.  Кәсіби өнер ұжымында түркі әлемінің ұлттық аспаптары жинақталған.  Атап айтар болсақ, қазақтың домбыра,  сырнай, қылқобыз, шертерінен  басқа  рубаб, топшур, дойра, кеманча секілді бауырлас елдердің аспаптарын да көруге болады.

 

Ильдар Шакир, "Ятоган" тобының көркемдік жетекшісі /Башқұртстан/

Бұл - өте керемет жоба. Біздер осы гастрольдік сапарда мәнсіз даңғаза  әндерден жалыққан көрермендердің түркі халықтарының дәстүрлі ән өнеріне  шөлдеп қалғанын байқадық. Бүгінде қонақ жай қазақ халқы залға лық толып, ыстық ықыластарын білдіріп жатыр. Осы жобаны ұйымдастырушыларға алғысым шексіз.

 

ТҮРКСОЙ оркестрі бұған дейін Вашингтондағы «Уорнер» театрында және Нью Йорктегі «Барух» мәдени орталығында,  сондай-ақ Әзербайжан мен Түркия елдерінде болып, өнер көрсетіп қайтты. Енді олар Қырғызстан астанасы Бішкекті бетке алды. Өнер ұжымы жыл соңына дейін барлық түркі елдерін аралап шығуды жоспарлап отыр. 

 

Сурет: www.turksoy.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер