Стамбулда түркі халықтарының ұлы ақыны, көрнекті ғұлама, философ Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен мұраларына арналған халықаралық симпозиум өтті.  Үш күнге созылған алқалы жиынға 7 елден 120-дан астам жоғары оқу орындарының профессорлары, яссауитанушылар мен түрколог ғалымдар қатысып, баяндамалар жасады. Ташкент мемлекеттік өзбек тілі және әдебиеті университетінің оқытушысы Әбдімұрат Тилавов Яссауи хикметтерінің Өзбекстанның білім беру жүйесіне енгізіліп, оқытылатыны жайлы мағлұматымен бөлісті, Ал Хитит университетінің профессоры Мехмет Евкуран қоғамдық және діни радикализмге қарсы Ахмет Яссауидің өмірлік көзқарастарын ашып айтты. Алдағы уақытта симпозиум материалдары жеке жинақ ретінде топтастырылмақ. Келесі симпозиум елімізде қазан айында Алматыда ұйымдастырылмақшы.

 

Ғабит КЕНЖЕБАЕВ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:

Яссауи мұраларына арналған бұл симпозиумның ғылыми, тарихи-танымдық, мәдени маңызын ерекше екендігін атап өтуіміз керек. Себебі осындай ата дәстүрді ұстай отырып,  біз тек қазақ халықының ғана емес, түркі дүниесінің ортақ мақтанышы Яссауи бабамыздың бүгінгі ұрпаққа оның насихаттарын, оның ғылыми мұраларын жеткізу арқылы тәлімді тәрбие береміз деп ойлаймын.

 

Джезми БАЙРАМ «ТҮРІК ОДЖАКЛАРЫ» ҰЙЫМЫ ЫСТАМБҰЛ БӨЛІМШЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

ЮНЕСКО 2016 жылды «Ахмет Яссауи жылы» деп жариялады. Бұл біз үшін өте қуанышты жаңалық болды. Өйткені осы шара аясында түркі халықтарының рухани қазынасы, ірі ойшылы Қожа Ахмет Яссауиді еске алып, оның құнды шағырмаларын тереңінен зерттеп, талдауға мүмкіндік алдық. Халықаралық симпозиумда ғалымдар мен сарапшы мамандар құнды ұсыныстарымен бөлісіп, өзара пікір алмасты. Олардың тұщымды ойлары ескерусіз қалмайды деп үміттенемін. Сол үшін алқалы жиын қорытындысы бойынша кітап шығаруды жоспарлап отырмыз. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер