Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы Қарағанды облысында тойлануда. Бүкіләлемдік дара тұлғаның мерейтойы  ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі. Қоғам қайраткерінің туған жері - Ақтоғай ауданына қарасты Жекежал қыстауында оның ескерткіші қойылды. Мерейтойға орай облыс көлемінде түрлі шаралар ұйымдастырылып, алаш ардақтысынан қалған тарихи жәдігерлер мұражайға тапсырылды.

 

Дихан ХАМЗАБЕКҰЛЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Соңғы жылдардағы ең көп қойылған аттардың бірі Әлихан екен, сол Әлихандар үлкейіп, атымды неге Әлихан қойған деп дара тұлғаның тарихын біліп, үлкен азаматтық істер жасайды деп ойлаймын. Әлихан елін қаншалықты сүйді сол балаларда жұғысты болып, түсіне білсе деп ойлаймыз.

 

Саяси тұлға жайлы басылымы жоспарланған 15 томдық кітаптың екі томы кітапханаларға таратылды. Ал жақын арада Қарағанды қаласының көшесі мен облыс орталығындағы аудандардың біріне Әлихан Бөкейхановтың есімі беріледі.

 

Тұңғышбай МҰҚАНОВ, ӨЛКЕТАНУШЫ:

Мынау Жетімшоқы деген жерде Әлекеңнің ұрпағы Борымхан деген кісінің балаларының қолында кезінде Әлекеңдер пайдаланған атадан балаға жеткен арабша жазылған құран кітап сақтаулы тұр. Кітапты мұражайға тапсырған жоқ. Өздерінің ата-бабаларынан қалған тарихи жәдігер санағандықтан болар. дегенмен уақыт өте келе музейге тапсырады деген ойдамыз.

 

 

 

Сурет: ortalyk-kaz.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер