Айман Мұсақожаеваның шәкірттері классикалық музыка кешін өткізді

Айман Мұсақожаеваның шәкірттері классикалық музыка кешін өткізді

Қазақ Ұлттық Өнер Университеті Алматыда есеп беру концертін өткізді. Шығармашылық кеш ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматының  мыңжылдық мерейтойына арналды.

 

Университет студенттері ректорымен бірге өнер көрсетті. Белгілі скрипкашы, Әлем артисі Айман Мұсақожаева жастарды «Астана Операның» болашақ жұлдыздары деп таныстырды. Рухани кеште  Азамат Жылтыркөзов, Назым Сағынтай, Құдайберген Әбілдин және тағы басқа танымал әншілер опералардан үзінді орындады. Бұл концерттік бағдарлама енді әлем сахналарында қойылмақ. 

 

Айман МҰСАҚОЖАЕВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ АРТИСІ, ҚҰӨУ-НІҢ РЕКТОРЫ:

Мына бағдарламаны Прагада «Рудольфино» холлда мына бағдарламаны ойнап, кейін Вена қаласындағы Концертхаус 3 мыңдық залында концерт ойнап, орындап, кейін Лондон қаласына қазақ шығармаларын орындап, тағы да классикаларды, орындап, сол мақсатпен барамыз.

 

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өткен классикалық өнер кеші 2 жарым сағатқа созылды. Өнер сүйер қауым концерт барысында бірнеше рет орындарынан тұрып, әртістерге қошемет білдірді.