Қазақстан халқының тілдері күні Ақтауда мәнерлеп оқудан байқау өтті. Достық үйінің сахнасында түрлі ұлыс өкілдері хакім Абайдың, Олжас Сүлейменовтың, Пушкиннің және басқа да ақын-жазушылардың өлеңдерін үш тілде оқыды. Қазақстан  халқы Ассамблеясы облыстық филиалының өкілдері байқауға қатысатын үміткерлерді аймақтағы жоғары оқу орындары мен мектептерден екі апта бойы іріктеген. Айта кетейік, мемлекеттік тіл саясатын дамыту ісіне өңірдегі  21 этно-мәдени бірлестік пен жексенбілік мектептер өз үлесін қосып отыр.

 

Гүлжан ИСМУРЗИНА,  ОБЛЫСТЫҚ  ҚХА ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Біздің елбасымыз айтқандай біздің жастарымыз міндетті түрде үш тілді меңгеру керек. Ойлаймын біздің Маңғыстаудың жастары әлдеде болашақта өздерін көрсетеді. Біздің қазақстан қоғамына еңбегі көптеген сіңеді деп жәнеде біздің Қазақстанның өркендеуіне өз үлесін қосады.

 

 

 

Сурет: www.mangystau.edu.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер