Елорданың опера және балет театры өзінің төртінші маусымын Ахмет Жұбанов пен Латив Хамидидің «Абай» операсымен ашты. Италиялық белгілі режиссер Джанкарло дель Монако мен көрнекті қоюшы дирижер Алан Бөрібаевтың қойылымындағы бірегей ұлттық спектакль Астана тұрғындары мен қонақтарына 3-ші Халықаралық «Жібек жолы» фестивалінің аясында ұсынылып отыр. Биыл қазақ композиторлары - Жұбанов пен Хамидидің туғанына 110 жыл . Шығармашылық топ жүзеге асырған опера - қазақ философиясының данышпаны – Абай Құнанбайұлының өмірдегі қызметі, құндылығы мен армандары жайлы баяндайды. Қойылым сол кезді шынайы етіп, дәлме-дәл жеткізеді. Айта кеткен жөн, қойылымға бас хормейстер Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов жетекшілік ететін «Астана Опера» хоры да қатысты.

 

ЖАНАТ ШЫБЫҚБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

Бұған біз 1 жылдай дайындалдық. Былтыр тұсаукесерін аштық. Содан бері дайындалып жатырмыз. Бізде состав көп. 3 адам кезек кезек Абайдың рөлін айтып жатырмыз. Әрине, тырысамыз жұрттың көңілінен шығуға. Бірақ, тура Абайдай қылып ойнай алмаймыз әрине.

 

Сурет: liter.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер