Жазушы, кинодраматург Таласбек Әсемқұловтың 5 томдық кітабы жарық көрді. Оған осыдан 2 жыл бұрын өмірден өткен автордың әдеби шығармалары енді. Таласбек Әсемқұловтың кино саласына деген қызығушылығы ерекше болатын. Көзі тірісінде "Біржан сал", "Құнанбай" секілді фильмдерге сценарий жазып, газет-журналдарда талай мақаласын жариялады. Ал, автобиографиялық "Талтүс" романы қазіргі заманның бірегей туындысына баланды. Айта кетейік, мемлекеттік тапсырыспен шығарылған көп томдық туындыда оқырман повестерді, кино романдарды, мақалалар мен өзге де жанрда жазылған туындыларды оқи алады. Ал, алдағы уақытта автордың тағы бір жинағы жарық көреді.

 

Зира НАУРЫЗБАЕВА, Т.ӘСЕМҚҰЛОВТЫҢ ЖҰБАЙЫ:

Кез келген жазушы мұндай нәрсені армандайды ғой. Таласбектің мінезі туралы, қандай адам болғанын бір нәрседен білуге болады. Ол 59 жыл өмір сүрді. Сол көрген, өзінің шыққан жалғыз кітап "Талтүс" романы еді. Бұл жерде дені сол соңғы он жылда жазылған дүниелер. Қолдау көрсеткен адамдарға алғыс айтқым келеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер