Астана мен Мәскеу арасындағы сауда-саттық жанданады. Бұл туралы қос қала басшыларының кездесуінде мәлім болды. Бауырлас шаһар басшылары Мәскеудегі Астана күндерінің аясында жүздесті. Мәдени күндер аясында қазақ халқының дәстүрімен мәскеуліктер етене танысты. Әйгілі халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде қазақ ауылы қанат жайды. Келушілер ауылды таңдай қағып аралады.

 

Марина Громова, Мәскеу тұрғыны:

Әрине Қазақстанға барғым келеді, Астананы, ел мәдениетін көрсем деймін. Жалпы Қазақстанды аралағым келеді. Қызығушылығым ерекше.

 

Қазақ этно-ауылына ресми тұлғалар да бас сұқты. Астана әкімі Әсет Исекешев пен Мәскеу үкіметінің министрі – халықаралық байланыс департаментінің басшысы Сергей Черемин киіз үйлерді аралап, қымыздан дәм татты.

 

Зергерлердің өнерін тамашалады. Сондай-ақ, қазақтың дәстүрі бойынша  Сергей Череминге шапан кигізді.

 

Ермек Аманшаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Осындай қарым-қатынастар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне келесі жылы ЭКСПО2017 көрмесінің аясында біз Астанада Мәскеу күндерін өткізуді жоспарлап отырмыз.

 

Бұған дейін Мәскеуде Астана күндері осыдан 14 жыл бұрын өткен еді. Елорда әкімінің айтуынша, Қазақстанның жас шаһары үшін көне Ресей қаласының тәжірибесі өте маңызды. Әсіресе ақылды қала тұжырымдамасы қызықтырады. Астана да алдағы жылдары смарт-ситиге айналады - деді  Әсет Исекешев. Сондай-ақ, Астана әкімі мәскеуліктерді келесі жылы өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесін тамашалауға шақырды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер