Қазақстан Венеция биенналесінде өз павильонын ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алдағы 3 жылға арналған жоспарында қарастырылған. Мұнымен қоса, ұлттық құндылықтарды жаһандық деңгейде насихаттайтын Мәдениеттерді жақындастыру орталығын ашу ойда бар. Және де жастар арасында мұражайға деген қызығушылықты арттыра түсу үшін дәстүрлі түрде «Музей түнін» өткізу жоспарлануда. Елімізде 2019 жылға дейін 60-тан астам мәдени шара ұйымдастырылмақ. 

 

Дархан Мыңбай, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазіргі заманда мәдени ошақтардың жұмысын жаңалап, жаңа форматқа көшіріп жатырмыз. Келушілердің де мәдениеті соған сәйкес өзгеруі керек деп ойлаймын. «100 қадамға» мемлекеттік органдар ғана емес, әр адам өзі үлес қосуы керек деп ойлаймын.

 

Сурет: www.gazeta.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер