"Астана Опера" театрының солисті балет әртістерінің 3-ші халықаралық байқауында жеңімпаз атанды. Сала мықтылары бір апта бойы Астанада өткен сайыста іріктелген болатын. Бас жүлдені Бақтияр Адамжан иеленсе, үздік үштіктің қатарын Беларусь және Қырғызстан әртістері толықтырды.

 

БАҚТИЯР АДАМЖАН, БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ:

Мен өзім қуаныштымын бас жүлде мен бірінші орынның Қазақстанда қалғанына. Үшінші рет өтіп жатқан байқауда бұл үлкен дәреже деп ойлаймын. Мен көптеген конкуренттермен түрлі жарыстарда кездескенмін. Кімнің қалай билейтінін білдім. Өте қиын болды.

 

Көрерменнің көз жауын алатын түрлі элементтер қосылып, қатаң талаптар қойылған жарыста  Украина мен Беларусь елінің қыздары өзгелерден басым түсті. Жарысқа 17 және 25 жас аралығындағы әртістер қатысқан болатын.

 

Байқаудың қазылар алқасына қазіргі балеттің белді тұлғалары енді. Олар  қатысушыларды бағалап, үздіктерін анықтау оңай іс болмады деп отыр. 

 

ЙОЗЕФ  ДОЛИНСКИЙ,  СЛОВАКИЯ ҰЛТТЫҚ ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ДИРЕКТОРЫ:

Жеңімпазды таңдау қиынға соқты. Өйткені әртістердің деңгейі өте жоғары. Қатысушылар техникалары мен актерлік шеберліктері бойынша да  бір-бірінен қалыспайды. Байқауды кәсіби адамдардың ұйымдастырғаны көрініп-ақ тұр. Осындай жоғары деңгейдегі балеттің арқасында елдер жақындай түссе деймін.

 

Сурет: liter.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер