Әшекей бұйымдар киім-кешек пен ұлттық жиһаздың сан түрі. Астанада отандық үздік қолөнер шеберлерінің қиялынан шыққан ерекше бұйымдар көрмесі өтті. Екінші рет өткізілген шараға еліміздің әр өңірінен  100-ден астам шебер келді. "Ұлы дала жәрмеңкесінде" тек сәнді киімдер ғана емес, мынадай емдеу апараттарын да табуға болады. Бұл құрылғыларға  ДЦП дертіне шалдыққан балаларға арналған. Авторы Оралдық мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер Біржан Қожақов. Шебердің айтуынша, мұндай құрылғылар елімізде жасалмайды. Сондықтан, шетелден тапсырыспен алдыртуға тура келеді. Сәйкесінше бағасы да арзан емес. Ал отандық өнімнің құны әлдеқайда төмен. 

 

Салтанат Рахымбекова, "EXPO & Women" халықаралық ұйымының басшысы:

Біздің еліміздегі қолөнершілердің әлеуетін байқау, потенциалын білу. Өйткені алдымызда келе жатқан экспо көрмесінде осы біздің Қазақстанға келетін қонақтар сыйларды алып кететін болса, сыйларымыз дәстүрімізді көрсететін болса, өзіміздің тарихымызды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер