22 қыркүйек күні  Елордалық опера және балет театры өзінің төртінші маусымын А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсымен ашады - деп хабарлайды astanaopera.kz. Белгілі режиссер Джанкарло дель Монако (Италия) мен көрнекті қоюшы дирижер Алан Бөрібаевтің қойылымындағы бірегей ұлттық спектакль Астана тұрғындары мен қонақтарына III Халықаралық «Жібек жолы» фестивалінің аясында ұсынылады.

Биыл қазақтың композиторлық өнерінің алыптары – А. Жұбанов пен Л. Хамидидің туғанына 110 жыл толғанын еске салайық. Әйтсе де, «Астана Опера» Үлкен залының аса көрнекті композиторлардың туындысымен ашылуы, кездейсоқ емес, неге десеңіз, ол театрдың «маңдай алды» қойылымы. Партитураны музыкалық тұрғыдан қайта қарау жауапкершілігі Ахмет Жұбановтың шөбересі – театрдың бас дирижері Алан Бөрібаевқа жүктелгені де кездейсоқтық емес. Оның мінсіз жұмысына көрерменмен қатар, ойшылымыздың шексіз тамаша әлеміне еліктіріп әкететін Симфониялық оркестрдің музыканттары да лайықты баға беріп үлгерді.

Қазақ-италиялық шығармашылық топ жүзеге асырған опера, қазақ философиясының данышпаны – Абай Құнанбайұлының өмірдегі қызметі, құндылығы мен армандары жайлы баяндайды. Қойылым сол кезді шынайы етіп, дәлме-дәл жеткізеді.

«Астана Опера» солисттері жаңа маусымдағы көрерменмен алғашқы кездесуін асыға күтеді. 

 

Сурет: astanaopera.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер