Бірегей әрі елімізде теңдесі жоқ жаңа форматта Қазақстан туралы кітап жарыққа шықты. "Қазақстанға саяхат" деп аталатын туынды Ұлы Дала елінің байлықтарын зерттеп, көркі көз қуантатын жерлерін аралауға жігерлендіреді. Мұнда республикамыздың ең маңызды тарихи-географиялық және статистикалық мәліметтері жарияланған. Кітап қазақ және орыс тілдерінде екі мың данамен басылып шығарылды. Жоба авторлары енді ағылшын тілінде де шығаруды жоспарлап отыр.

 

Перизат Жұмажан, редактор, сценарий авторы:

"Оқы және саяхатта" деген жаңа формат бар әлемде. Сол енді ғана келіп жатыр бізге. Біз соны қолданып, Қазақстанда балаларымызға ұсынғымыз келді. Ол тек балаларға ғана емес, еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін қызық болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер