Берлинде дәстүрлі музейлер түні өтті.  Биыл  көрермендерге  80 мұражай мен галлерея өз есігін айқара ашты. 18 евроға кез-келген мұражайды тамашалауға болады.  Перғауындардың мумиялары мен көне мүсіндер қойылған Мысыр мұражайының алдындағы ұзын-сонар кезек - қалыпты жағдай.  Халық көп баратын мәдениет ошақтарына Берлин қабырғасының музейі де жатады. Онда Шығыс Берлиннен қашуға арналған түрлі әдіс-тәсілдер мен  қолдан жасалған  тікұшақтар, кішкентай сүңгуір қайықтарға дейін бар. Көрермендер неміс поштасының тарихына да қызығушылық танытуда. Музейде әлемдегі ең қымбат пошта маркасы, алғашқы хаттар мен телеграф сақталған.  Ал  тыңшылық мұражайында   құпия  хабарламаны  шифрлеуге, кинодағыдай лазерлік дабылдамадан өтіп көруге де болады. Арнайы агенттер мұражайы кейіннен ашылғанымен, келушілер саны әлдеқайда көп.

 

Алғашқы мұражай түні Берлин қаласында 1997 өткен екен. Сол кезден бастап  дәстүрге айналған түн Германиядағы басты мәдени шараға айналды. Биыл  күшейтілген қауіпсіздік шараларына қарамастан  мұражай мен көрмелерге  28 мыңдай адам келді.  Бұл көрсеткіш ұйымдастырушылардың күткенінен біршама асып отыр.

 

 

 

Сурет: liveberlin.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер